Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Бесбаев - Аузынан айдың түскен қыз [2014] | Текст песни

Жолымыз құрбым бір болсын,
Жақын боп кеттің досымдай.
Бұрын сен қайда жүргенсің,
Бұрымдыларға қосылмай.

Көрдім де сені өзгердім,
Басқа адам болып бір демде.
Періштелерін өзге елдің,
Көзге де ілмей жүргенде.

Желкілдеп сезім, бал-құрақ,
Шаттықтан шаршап қуансын
Аспаннан түскен салбырап,
Айдың сен қызы шығарсың.

Көрмеппін жерден мұндай жан,
Көрімдік алса Күн алсын.
Құтқарып алған мұңды ойдан,
Құдіреттің өзі шығарсың.

Көңілімді шаттық күй кернеп,
Кеудеме қанат біткендей.
Қармана бердім күйбеңдеп,
Өзіңнен басқа түк көрмей.

Дертімді қалай емдермін,
Не амал, оған не істерміз?!
Арманым болдың сен менің,
АУЗЫНАН АЙДЫҢ ТҮСКЕН ҚЫЗ!

Другие названия этого текста
  • Мейрамбек Бесбаев - Аузынан айдың түскен қыз [2014] (0)
  • Мейрамбек Бесбаев - Аузынан айдын тускен кыз [www.kazmusic.kz] (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Балаларды қорғау күніне арналған концерт (1бөлім) Балаларды қорғау күніне арналған концерт (1бөлім)
    Маралбек Бабақұлов, Аузынын айдын тускен кыз. Аузынан айдың түскен қыз . - Duration: 4:02. by taraz muzic 1,125 views. 4:02. Play ...