Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Бесбаев - Аузынан айдың түскен қыз | Текст песни

Жолымыз құрбым бір болса,
Жақын боп кеттің досымдай.
Бұрын сен қайда жүргенсің?
Бұрынғыларға қосылмай.
Көрдімде сені өзгердім,
Басқа адам болып бір демде.
Періштелерін өзге елдің,
Көзгеде ілмей жүргенде.

Желкілдеп сезім балға орап,
Шаттықтан шаршап қуансын.
Аспаннан түскен салбырап,
Айдың сен қызы шығарсың?

Көрмеппін жерден мұндай жан,
Көріндік алса күн алсын.
Құтқарып алған мұңды ойдан,
Құдіреттің өзі шығарсың?

Көңлімді шаттық күй кернеп
Кеудеме қанат біткендей
Қармана бердім күйбеңдеп
Өзіңнен басқа түк көрмей

Дертімді қалай емдермін?
Не амал оған не істерміз?
Арманым болдың сен менің,
Аузынан айдың түскен қыз.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-