Мен саған ғашықпын, сен оны білгейсің, Сағынып асықтым, қарсы алып күлгейсің. Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің, Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің.
Тек қана айналма, әніне өзгенің. Мен үшін айдан да, әдемі көздерің, Болалмай серік бір, арманым жоғалған. Сен болып келіп тұр, қол жетпес сол арман.