Бала ғашық 1. Көңілде ән, көгімдегі күн көруші ем, Барғанда маған ылғи гүл беруші ең. Жалт етіп жай отындай көкжиектен Әттең-ай, маған енді бір көрінсең!
2.Кетер ем бұлтпен бірге араласып, Көрер ем найзағаймен жағаласаып. Артыңнан ақша бұлт боп жүзер едім, Көзіме бір көрінсең бала ғашық.
3.Сандал тау, сайдан соққан самалым-ай! Ой-санам құлайды кеп саған ұдай. Әлдеқандай күн кешіп жүр екенсің, Сүттен ақ, судан таза, адалым-ай!
4.Сап-сары сағынышпен жағаласып, Жастық өмір басымнан барады асып. Көзіме бір көрінші, тынайын мен, Қайдасың, қайдасың сен, бала ғашық?!