Дәурен көшіп барады қарайламай, Құбылады, күн сайын, қалай-қалай? Сенің алтын сәулеңе не жетеді, Жарқыраған тіршілік шар айнадай, Жарқыраған дүние шар айнадай.
Қайырмасы: Дүние, шіркін, Өтер бір күн! Жарқылдаған, қайдасың, Ойын-күлкім, ойын-күлкім.
Құрбы-құрдас кешегі бірге ойнаған, Жүздеріңді сағындым нұр жайнаған, Көздеріңді сағындым нұр жайнаған. Дәурен бастан өткен соң, қайран, дүние, Дидарыңды қайтейін тіл байлаған!
Қайырмасы:
Ризамын өмірге келгеніме, Азды-көпті қызықты көргеніме. Бұл жалғанның түбіне жеткен барма? Тәубе қылдым Тәңірдің бергеніне