Жақсы бір адам қартайса, көкірегі хат болар. Жаман бір адам қартайа, бықсып бір жанған от болар. Жақсы қария белгісі, жанып тұрған шоқ болар. Жаман қария белгісі, қайран боп қалған сал болар.
Әдепті өскен боз бала, ырғалып өскен тал болар. Әдепсіз өскен боз бала, жүргенде жері дау болар. Әдепті тәлім аларсың, жақсының ерсең қасына. Төбенің шыңып басына, бақыт құс қонар басына.
Жаман да, жақсы Алланың, болады ісі қалаған. Көшіп дәулет біреуден, біреуге қонар жаңадан. Жалған мақтан сөз шығар, ақылы жарым шаладан. Жақсы боп сенің өсуің, атадан және анадан.
Күшіңе көңлің сенбесе, көтерме көптің салмағын. Өз қадірің болмаса, күлкіғып жүрер жан жағың. Мезгілінде қонақтар, қалықтап ұшқан қаршыға. Қазынаса кең Алланың, бергенін сірә тарсын ба.
Өзіңе де кезек бар, өлгенді көріп жасыма. Нелер келіп не кетпес ер жігіттің басына. Бұл дәурен екі келмейді, шапқанда атын қамшылап. Басыңнан дәулет кеткет соң, жаман дос келмес қасыңа.
Сарқырап сулар саладан, асыл сөз шығар данадан. Орынына келмейді, өтірік сөзді жалғаған. Қарыздар болсан жаманға, тар жерде алар жағаңнан. Өлерінде өкінер, байлыққа сені байлаған.
Жақсы бір болса алғаның, қоғамды болар жан жағын. Жаман бір болса алғаның, үйіңнен кетпес жан жалың Бала шаға отаның, қоршаған орта бау бағың. Өкінбессің өмірден, осыны ұғып алғаның.