Бір өзіңді ойлай-ойлай жыл өтті Ғашық жүрек от боп жанды, дір етті Қара көзің күлімдеген Кірпіктерің дірілдеген, жаным Жайнап өскен гүлім деп ем Жүрегімді тілімдеген, жаным Сағындым сені, сағындым.
Ғұмыр кештім мен өзіңмен, аяулым Шықпай қойдың сен есімнен, аяулым Кездескенде көктем еді Көкте тырна өткен еді, жаным Құстар қайтты – оралмадың Сен бақытты бол, арманым, жаным Сағындым сені, сағындым…