Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Бесбаев - Таудағы көктем [2014] | Текст песни

Сай-саланы,Аймалады,
Жоталардан жел есті.
Көк қарағай.Көп баладай,
Күбір-күбір кеңесті.
Қасқа бұлақ,Тастан құлап,
Бара жатыр шапқылап.
Шынылдаған, Сыбырлаған,
Айқай жастар -саққұлақ.
Бір жүрекпен, Дір-дір еткен,
Жасыл талдар - жас талдар.
Еміренген, Тебіренген,
Ақбас Ата - асқарлар.
Күннен - бөркі,
Гүлден - көркі,
Тау - тамаша, тау - алып.
Қатпар басын,
Шатқал тасын,
Көрген сайын жаңалық.
Айналаңа, Сайға қара,
Шыңға қара ақ маңдай.
Бала шағың, Болашағың,
Көктеп келе жатқандай.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4
Видео
    Нет видео
    -