Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Беспаев & Тоқтар Серік - Айхай-25 | Текст песни

Сөзі: Толымбек Әлімбеков

Әні: Алтынбек Қоразбаев

Өзегінде қан ойнап қызып тұрған,
Қартыңды да қырау бас қызықтырған,
Алаулаған жиырма бес.
Көз қарытқан ойнақы жүзік сырдан,
Сыбағасын сездірмей үзіп тынған,
Жалаулаған жиырма бес.

Қайырмасы:

Түн ұйқысын төрт бөлетін,
Жанып, кейде өртенетін, ой-пәллі-ай
Сағындырған жиырма бес.

От болатын, шоқ болатыy, ой-пәллі-ай,
Сағым қуған жиырма бес.

Елең қылмас қақаған мұз-жауынды,
Серілікпен өткізген түз дәуірді.
Бұлқын атқан жиырма бес.
Серік етіп желпінген қызды ауылды,
Сылқым атқан жиырма бес.
Өзің едің жиырма бес аңсағаным,
Аңсағанда шырқатып ән саламын,
Ән саламын, жиырма бес, тамсанамын,
Тамсандым деп баршаға жар саламын,
Сағым қуған жиырма бес.

Қайырмасы:

Күнде ойын, күнде думан,
Сұлу іздеп, арман қуған, ой-пәллі-ай,
Сылқым-сері жиырма бес.
От болатын, шоқ болатын,
Бар болатын, жоқ болатын, ой-пәллі-ай,
Жын да, пері жиырма бес.

думан той

Мейрамбек Беспаев & Тоқтар Серік еще тексты


Другие названия этого текста
  • Мейрамбек Беспаев & Токтар Серик - Айхай-25 (0)
  • Мейрамбек Беспаев & Тоқтар Серік - Айхай-25 (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2