Тәй-тәй басып бөпешім, жүргенін қандай, Көз қуаныш көкешім, күлгенін балдай. Аспандағы ай күнді, аламын дейсін, Асқар таудай айбынды, боламын дейсін.
Әлди-Әлди Ақ бөпем, Сендей сәби жоқ көкем, Анам Әкем дейсін бе, тілін тәтті екен. Әлди-Әлди Ақ еркем, Бой жетерсін сен ертең, Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем!
Баурап тәтті қылығың, ән салды жаным, Менің мөлдір тұнығым кәусар бұлағым. Жайнап өскен жан гүлім, сенсің-ау жаным, Қадамыңа ақ нұры, жаусын Алланың!