Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Беспаев - Алладан басқа тəңір жоқ | Текст песни

Алладан басқа жоқ тәңір
Мұхаммед (с.ғ.а) оның елшісі
Соны айтып жəннəт баққа кір
Иманың жаныңның емшісі
Болуы қиын Хаққа құл
Ібіліс болса көршісі
Адамның көбі жат бауыр
Заманның сол ғой кем тұсы
Жер бетіндегі көп қабір
Пенденің алған елшісі

Құлдыңда құлдан несі артық
Нәпсісін түгел тиса артық
Намазын оқып бес уақыт
Иманын кәміл жиса артық
Қиямет күні құлым деп
Алланың өзі сүйсе артық
Жәннәтта ғұмыр кешерсің
Қөңіліңде сонда күй шалқып
Анаңның аппақ сүтінен
Жұмақтың жұпар исі аңқып

Ғибадат жасап құрметпен
Жаратқан хақтың нұрын көр
Пайғамбар салған сүннетпен
Жаңылмай жолдан жүріңдер
Жұмағың жəннəт гүл көктем
Тұрағың болмас жұмыр жер
Рахымы жауып тұр көктен
Танитын соны ілім бер
Құлшылық етер үмбетке
Тіршілік етер ғұмыр бер

Өтпелі мынау ғасырдың
Өткелі қиын жол болар
Біреудің тасып мерейі
Біреудің бағы кем болар
Сынағы олда Алланың
Ойлаған соны жөн болар
Есіктен кірген басыңның
Алатын орны төр болар
Бесіктен шыққан басыңның
Баратын жері көр болар

Құранның сөзі қасиет
Пайғамбар сөзі өсиет
Ұмытпа сабыр етуді
Көрсеңде қайғы қасірет
Бабалар өткен не түрлі
Иманы жалғыз досы боп
Сүйгені сүннет секілді
Бұйрығы хақтың осы деп
Ғибратты ғұмыр кешуді ей
Бізгеде Алла нәсіп ет....

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-