Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Беспаев - Майлықожа термесі | Текст песни

Майлықожаның термесі.

Ал білерсің, таңның атарын
Көрерсің күннің батарын.
Кейінгі жұртқа меймансың
Кеткен соң құрбы қатарың.
Керуен кетіп барады
Нарменен тізіп атқандай.
Жарық дүние аман бол
Тең құрбы өскен қатарым.

Ептеп кісі бай болмас
Маңдайға құдай бермесе.
Өлемін деп кім ойлар
Ажалы жетіп өлмесе.
Жылағанмен не пайда
Жыйылаған жұрт көрмесе.
Жырлағанмен не пайда
Тыңдаушы баға бермесе.

Дүниеге мейман көңілім
Мақтасам дауа тілерсің
Өлшеніп берген өмір бар
Уақытыңменен жүрерсің.
Бір күндері-ау қапа боп,
Бір күндері-ау күлерсің.
Бір қалыппенен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.

Ажал келсе жатқызар
Маңдайға басқан ұйқыдай
Пендені дәулет мас қылар
Қыраудан кешкен жылқыдай.
Бауыры бүтін, бас есен
Сағынар сауық, күлкіні ай.
Қызықтырған түлкідей
Дүние өтер бір күні-ай.

Жақыннан күдер үзгендер
Жақынын ұрып, жат қылар.
Жылқыдан күдер үзгендер
Биесін сатып ат қылар.
Жақсы болса ағайын
Көңіліңді-ау шат қылар.
Жаман болса ағайын
Өзін-өзі жат қылар.

Жаман тоймас мал десе
Диқан тоймас жер десе.
Ер тілеуін береді-ау
Ертеде тұрып, “ел” десе.
Ұят беттің пердесі
Қымбатты ердің зердесі
Майлықожа ақынның
Ыбырат қып айтқан термесі.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 9
Видео
  • Мейрамбек Беспаев - Майлықожа термесі Мейрамбек Беспаев - Майлықожа термесі
    Mix - Мейрамбек Беспаев - Майлықожа термесіby YouTube. Терме- Ана осиеті - Duration: 6:06. by PugnaKant 73,683 views ...
  • Мейрамбек Беспаев - Шал ақынның термесі Мейрамбек Беспаев - Шал ақынның термесі
    Мейрамбек Беспаев Шал ақынның термесі. ... Zinollin 4 months ago. Ангиме жок Мейрамбек Ага жаксы айтат. Read more ...
  • Нугманов Бауыржан-Майлықожа термесі Нугманов Бауыржан-Майлықожа термесі
    Нугманов Бауыржан-Майлықожа термесі ... Жазира Байырбекова - Майлы Қожа термесі [Астана кеші ... Беспаевby MrAzamatYusuf.
  • Мейрамбек Беспаев - Иман Мейрамбек Беспаев - Иман
    Мейрамбек Беспаев - Иман .... Әлде тағы бір Мейрамбек бар ма? .... Мейрамбек Беспаев Терме құс қанат ғұмыр 2014 mp4 1280x720 ...
  • Мейрамбек Беспаев - Жанарган багыт термеси.flv Мейрамбек Беспаев - Жанарган багыт термеси.flv
    Мейрамбек Беспаев - Жанарган багыт термеси.flv. Данияр Дони ... Еліміздің ерке ұлы-Мейрамбек, жасай бер! Read more Show less ...
  • Мейрамбек Беспаев Алланын бары Акикат Мейрамбек Беспаев Алланын бары Акикат
    Мейрамбек Беспаев Алланын бары Акикат. Канал пользователя sekosh1. SubscribeSubscribedUnsubscribe 36 ...
  • Өмір өтты.wmv Өмір өтты.wmv
    Өмір өтті, Омир отти, Мейрамбек Беспаев, Музарт, Терме, Өлең, Ән.