Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ஐ Мейрамбек Беспаев - Ұмытамын қалай | Текст песни

I
Орандым өзіңді ойлап жан алауға
Сан қырлы сағынышым аралауда
Теңізін тәуекелдің кешсем бе екен
Сен жүрген жету үшін жағалауға

Қайырмасы:

Табайын жолын қалай
Ұмытамын бәрін де оңай
Жаным қалай
Жүректің бағынамын қалауына
Бұйрығын ақылымның орындамай
Орындамай

II
Мүмкін мен бір үмітпен күн кешермін
Сағыныш самалымен бірге есермін
Кездесіп қалсам егер бір күндері
Үндемей жанарыңмен тілдесермін

Қайырмасы:

III
Көз жұмып еріксізден бәріне біз
Алдамшы бақыт келер әлі де жүз
Бәрібір боп қаламыз сен екеуіміз
Ғашықтар әні де егіз, жаны да егіз

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-