Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Беспаев - Таудагы коктем [vk.com/bakytti] | Текст песни

Сай-саланы, Аймалады,
Жоталардан жел есті.
Көк қарағай. Көп баладай,
Күбір-күбір кеңесті.
Қасқа бұлақ, Тастан құлап,
Бара жатыр шапқылап.
Шықылдаған, Сыбырлаған,
Айқай жастар - саққұлақ.
Бір жүрекпен, Дір-дір еткен,
Жасыл талдар - жас талдар.
Еміренген, Тебіренген,
Ақбас Ата - асқарлар.
Күннен - бөркі, Гүлден - көркі,
Тау - тамаша, тау - алып.
Қатпар басын, Шатқал тасын,
Көрген сайын жаңалық.
Айналаңа, Сайға қара,
Шыңға қара ақ маңдай.
Бала шағың, Болашағың,
Көктеп келе жатқандай.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-