Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Беспаев - Терме 05 | Текст песни

"ҚЫЗЫМ САҒАН АЙТАМЫН

Арманшыл болсаң қу балам
Арына сенер бұл адам
Өмірде нелер болмайды
Сүрініп мен де құлағам

Өнерді қусаң ол болар
Өмірден алған сыбағаң
Абайла қызым, тағдырдың
Бұралаң жолы, бұралаң

Талайды сынап түзеткен
Еліңді сыйла ізетпен
Әкең де саған жол сілтеп
Ізгілік жолын күзеткен

Анаңды жерге қаратпа
Көктемін сен деп күз еткен
Абайла қызым, тағдырлар
Талайдың жанын мұз еткен

Өмірге берсең аласың
Оқысаң лаулап жанасың
Жайпауыз болсаң арманға
Жете алмай жолда қаларсың

Нәзіктік болар жолдасың
Ұл емес сен қыз баласың
Абайла қызым, тағдырлар
Салады жанға жарасын

Құлағын түргің санаңның
Жұмбағы сан мың ғаламның
Арман мен нұрдан жаралған
Гүлісің сен бір даламның

Адалдық болса кеудеңде
Артқаны, дәйім, бағымның
Абайла қызым, өзіңнен
Болмағы жақсы адамның

Атырып көзбен әр таңды
Әжең де қуған арманды
Кім өтер дейсің мәңгілік
Жанына байлап жалғанды

Өмірде не бір арулар
Өшпестей өрнек салғанды
Абайла қызым, өкініп
Талайлар қапы қалғанды

Арайлы таңның жыры көп
Жыры көп, шашар нұры көп
Тазалық болса кеудеңде
Даламның айтар сыры көп

Уақытты босқа өткізбе
Шығарма естен ұмытып
Айтпайды босқа әкең де
Уақыттың адам құлы - деп

Кәрілік қашсаң қоймайды
Сұм ажал тіптен тоймайды
Ғұмырың лезде өтеді
Мақсатқа жетпей болмайды

Еңбекті сүйсең көгеріп
Жапырағың солмайды
Жеңілтек болсаң қайғыңның
Өлгенше орыны толмайды

Найзағай көкті жүз тіліп
Жатады кейде түз күліп
Жасарып әлем айдында
Сәулесі түсер сүзіліп

Жаз өтер қыс пен, күз де өтер
Құс қайтар қайта тізіліп
Кірпікте арың ілулі
Кетпесін жас боп үзіліп

Өмірдің сырын байқадым
Жақсыға байтақ бай таным
Әділдік жолын барласаң
Кеудемде жарылар қайда мұң

Үмітін ақта анаңның
Қызым-ау саған айтамын
Әдепті болсаң өмірден
Қуанып мен де қайтармын"

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
  • Мейрамбек Беспаев терме Аяулым Шагатаева Мейрамбек Беспаев терме Аяулым Шагатаева
    Мейрамбек Беспаев терме Аяулым Шагатаева ... 1:05. Нурым Қуаныш суктанамын Аяулым Шагатаева и Наргиз - Duration: 1:44. by ...
  • Мейрамбек Беспаев - АЛЛАНЫҢ БАРЫ АҚИҚАТ Мейрамбек Беспаев - АЛЛАНЫҢ БАРЫ АҚИҚАТ
    Мейрамбек Беспаев - Дүние жалған - Duration: 7:12. by Erbol Pussurman 328,012 views. 7:12. Мейрамбек Беспаев ...
  • Мейрамбек Беспаев Мейрамбек Беспаев
    Мейрамбек Беспаев ... Мейрамбек Бесбаев концерт 'Құс қанат ғұмыр' ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ 2014 (official IbbI) - Duration: 1:52:59. by ...
  • Мейрамбек Беспаев - Өмір өтті Мейрамбек Беспаев - Өмір өтті
    Мейрамбек Беспаев Өмір өтті. ... Mix - Мейрамбек Беспаев - Өмір өттіby YouTube. Музарт ансамбльінің шығармашылық кеші. - Duration ...
  • Орнек ауылы: Рабига терме: Майлыкожа термеси "Насихат" Орнек ауылы: Рабига терме: Майлыкожа термеси "Насихат"
    Домбыра, Домбра, Dombra Казак андери, Музыка, Терме андер, ... нуртас кино Мейрамбек Бесбаев, Нурмукасан, Айтыс ,Терме, ..... 1 ...
  • Мейрамбек Бесбаев концерт 'Құс қанат ғұмыр' ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ 2014 (official ... Мейрамбек Бесбаев концерт 'Құс қанат ғұмыр' ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ 2014 (official ...
    Мейрамбек Бесбаев концерт 'Құс қанат ғұмыр' ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ 2014 ( official IbbI) ... Мейрамбек Беспаев Құс қанат ғұмыр ...
  • Мейрамбек Беспаев - Алгашкы махаббат (cover by Assel) life sound Мейрамбек Беспаев - Алгашкы махаббат (cover by Assel) life sound
    Мейрамбек Беспаев - Алгашкы махаббат (cover by Assel) life sound/жанды дауыс.