Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Беспаев - Терме 10 | Текст песни

Ойының терең түбінен
Қай ақын маржан сүзбеген
Өмірдің басы даңғыл жол
Өмірдің соңы құз деген.
Жастығың келер қөктем боп
Қарттығың келер күзбенен
Адымның бәрі жолаушы
сарылып бақыт іздеген
Алладан пәрмен келген күн
Қайтармыз бізде сол күні
Бабалар қайтқан ізбенен

Қыс келсе күтер жаз алда
пенде де бітпес әз арман
Құл сүйгіш Алла ешкімді
Тыс калдырмайды ау назардан
Алланы зікір еткеннің
Жүрегі таттан тазарған
Бөленер Хақтың нұрына
Оянған намазға азаннан
Ахыретке жауап дайында
Құтылмас ешкім ажалдан
Дүние ешкім әкетпес
қызылда жасыл базардан

Тақуа талай даналар
Иманың жайлы сөз қылған
Адамның жауы ібіліс
Нәпсіңді елітіп қоздырған
Адалдығыңды кірлетіп
Адамдығыңды тоздырған
Иманың жалғыз жолдасың
Қолыңды көкке создырған
Жаныңды нұрға бөлеген
Атыңды жұрттан оздырған

Бес күндік жалған тірлікте
Біріңді бірің бағалап
Қызғаныш отын жандырма
Қайтесің босқа табалап
Патшаға берсін тау биік
Жұртыңа берсін қанағат
Қыз ұлыңа ермей жаман ат
Ананың туған тілімен
Бабабның тілі аманат
Пайғамбарға айтып салауат
Ислам жолын тұтынсаң
Ашылар жолың саған ақ
Мыңдаған ғалам иесі
Бір Алла болар саған жақ
Алланың жаусын рақымы
Сіздерге мәңгі жамағат

Другие названия этого текста
  • Мейрамбек Беспаев - Терме 10 (0)
  • ☊ Мейрамбек Беспаев - Иман (терме) (0)
  • М.Беспаев - Иман терме (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
  • Мейрамбек Беспаев - Дүние Мейрамбек Беспаев - Дүние
    Мейрамбек Беспаев Дүние термесі. ... Mix - Мейрамбек Беспаев - Дүниеby YouTube. Терме- Ана осиеті - Duration: 6:06. by ...
  • Мейрамбек Беспаев - Иман Мейрамбек Беспаев - Иман
    Мейрамбек Беспаев - Иман .... Әлде тағы бір Мейрамбек бар ма? .... Мейрамбек Беспаев Терме құс қанат ғұмыр 2014 mp4 1280x720 ...
  • Мейрамбек Беспаев - Шал ақынның термесі Мейрамбек Беспаев - Шал ақынның термесі
    Мейрамбек Беспаев Шал ақынның термесі. ... Zinollin 4 months ago. Ангиме жок Мейрамбек Ага жаксы айтат. Read more ...
  • Мейрамбек Беспаев - Майлықожа термесі Мейрамбек Беспаев - Майлықожа термесі
    Мейрамбек Беспаев Майлықожа термесі. ... Mix - Мейрамбек Беспаев - Майлықожа термесіby YouTube. Терме- Ана осиеті - Duration ...
  • Мейрамбек Беспаев - АЛЛАНЫҢ БАРЫ АҚИҚАТ Мейрамбек Беспаев - АЛЛАНЫҢ БАРЫ АҚИҚАТ
    Мейрамбек Беспаев - АЛЛАНЫҢ БАРЫ АҚИҚАТ. Olzhas1189 ... Термелерby Zhaxybek Nurtlessov. Мейрамбек Беспаев - Иман ...