1 )Кеудемде қалды
Керім от кейпін,
Сезімге бірақ
Сенім жоқ дейтін,
Көздерім көріп
Қолым жетпейтін,
Айым, күнім сенсің
2) Таң да атпады
Әлі ай жарық,
Келемін сені
Жаным ойға алып,
Сағынышым боп
Сағымға айналып,
Мұңайттың мені, жаным!
Барма амалым, таусылды төзім
Арман алауын жағады сезім,
Қанатын қағып, сыңарым жырақ
Айдында жалғыз қаламын өзім!
3) Сені ойлап өткен
Күндерім әрбір,
Бітпейтін дастан
Таусылмас ән-жыр,
Біз екеумізді
Қоспады тағдыр,
Амал бар ма жаным?
4) Нәзік үмітім
Айға қарасын,
Аялы арман
Аймалағасын,
Қиялым қалқып
Қайда барасың
Алысқа ұшырып, жаным!
Барма амалым, таусылды төзім
Арман алауын жағады сезім,
Қанатын қағып, сыңарым жырақ
Айдында жалғыз қаламын өзім!
Мейірлан Садырбаев еще тексты
Другие названия этого текста
- Арман Сатыбалды - Барма амалым (0)
- Абылайхан Базыл - Барма амалым (0)
- Мейірлан Садырбаев - Барма амалым (0)
- ... - Барма амалым (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1