Жан арман жағасында Жанып тұрған жұлдызым. Жақын болып барасың ба? Бәрінен кеп бүгін. Жәудірейді бота көзің, Қарай берем ұрланып. Күннен күнге жанып жүзің, Барады нұрланып. О махаббат, қосу-алу. Шығарып сап тосып алу О махаббат күйіп жану. Бір көргеннен сүйіп қалу.
Жүрсем дағы дала шыңда, Ойымдасың бағым-ау! Мың сұлудың арасында, Ең сұлу шамым — ау! Таусылмайтын сияқтысың, Айта берсем, жарығым. Сыйлап кеттің жүрекке жыр, Махаббат жалынын.
О махаббат, қосу-алу. Шығарып сап тосып алу О махаббат күйіп жану. Бір көргеннен сүйіп қалу. О махаббат, қосу-алу. Шығарып сап тосып алу О махаббат күйіп жану. Бір көргеннен сүйіп қалу.