Мен –ойлаймын, ол – ойламайды… мен — әрбір минутында тәуліктің сол адам туралы, ол – іздейді деп мені. Мен –аңсаймын, ол – аңсамайды… мен – бірге атқызсақ деп арайлы таңдардың бірін, ол – қайтал - МЕН жане ОЛ | Текст песни
Мен –ойлаймын, ол – ойламайды… мен — әрбір минутында тәуліктің сол адам туралы, ол – іздейді деп мені.
Мен –аңсаймын, ол – аңсамайды… мен – бірге атқызсақ деп арайлы таңдардың бірін, ол – қайталанса деп сол алғашқы тәтті кездесу.
Мен – күтем, ол – күтпейді… мен – кездесуді ләззат сыйлайтын, ол – хаттарымды өзінен басқаға арналмайтын.
Мен – сенем, ол – сенбейді… мен – хабарсыз кетпесіне, ол – мендегі сезімнің шынайылығына.
Мен –сағынам, ол – сағынбайды… мен – құшағын ыстық, ол – еріндерімді тек өзін аймалауға дайын тұрған.
Мен – іздеймін, ол – іздемейді… мен – жылулығын өзіме деген, ол – арманшыл қызды түндерде қиялға берілетін.
Мен –ызаланам, ол – ызаланбайды… мен – сезіміне ерік бере алмады деп, ол – арамыздағы кедергілердің көптігіне.
Мен ашуға берілем, ол – ашуланбайды… мен – сонша немқұрайлы қарайтынына маған, ол – телефонды тастай салғанымда да.
Мен – жақсы көрем, ол – жақсы көрмейді… мен – әрбір қылығын өзінің, ол – сабырсыздықты мендегі.
Мен –сүйем, ол – сүймейді… мен – салмақты үнін, ол – өзін тағатсыздана күтіп жүрген аруды.
Мен – күлем, ол – күлмейді… мен – есіме алсам баладай аңғалдығын, ол – табиғатынан салмақты мінез иесі болғандықтан.
Мен – тырысам, ол – тырыспайды… мен – бүгінгі барыммен өлшеуге бақытымның мөлшерін, ол – азғана қуаныш сыйлауға маған.
Мен – таң қалмаймын, ол – таңданады… мен – ғашық болғаныма ессіз мықты ерге, ол – таңдауымның өзіне түскеніне.
Мен – алаңдаймын, ол – алаңдамайды… мен – алыстап кетер деп онсыз да қолым жетпей жүргенде, ол – кездесер деп бір сері жігіт алдынан.
Мен – қиялдаймын, ол – қиялға берілмейді… мен – түндерде ұзақ өзін ойлаумен ғана, ол – жүрсек деп қол ұстаса әдемі кештерде.
Мен — күрсінем, ол — күрсінбейді… мен — тымырайып өзінен бір хабар әкелмеген үнсіз телефоныма қарап, ол — уақыттың бізге қарайласпағанын ойлап.
Мен – білем, ол – білмейді… мен – мойындамайтынын оянса да сезімі маған деген, ол – өзгеге мойын бұра алмай жүргенімді өзін кездестіргелі, сыйлаған гүліне сан рет қарап сыр айтып.
Мен — жазам, ол — жазбайды… мен — ойларымды әр кездегі том-том қылып, ол — мені қуантатын бір смс.
Мен – айтам, ол – айтпайды… мен – сағынатынымды өзін сол сәт жанымда отырса да, ол – аңсары ауса да бір кез көргісі келіп мені.
Мен – тыңдаймын, ол – тыңдамайды… мен – өз жүрегімнің үнін, ол — өзіндегі жүректі, ақылға жүгініп тек қана.
Мен – жылаймын, ол – жыламайды… мен – үмітсіз келер таңыма налып, ол –… еркек болғасын!
Мен –ойлаймын, ол – ойламайды… мен — әрбір минутында тәуліктің сол адам туралы, ол – іздейді деп мені. Мен –аңсаймын, ол – аңсамайды… мен – бірге атқызсақ деп арайлы таңдардың бірін, ол – қайтал - (1)
Гульнур Батырханкызы Конульбаева - МЕН жане ОЛ (0)