Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Меруерт Еркинбекова - Айжан Тəбəрікқызы "Сізді ойладым" | Текст песни

Сізді ойладым бүгінде... Сағыныппын,
Әйтпесе, неге егілем жамылып түн?
Менің мынау бірбеткей жүрегіме,
Сіз ғана ұнайтынын тағы да ұқтым.

Не істейін, сезімнің дәрменіне,
Хабарсызсыз біздегі халден мүлде.
...Жүрегімнен шықпаған, қадірі жоқ,
Хат жазам, қашанғы алдап әлдекімге?

Түсінгенше барлығын біз ес біліп,
Күн артынан сырғиды-ау, күн ескіріп.
Ақыры кетер уақыт Сіз бен бізге,
Күнәсі жоқ кінәні үлестіріп,

Тағы да түнім ауды мағынасыз,
Сіз де мендей күтесіз, жалығасыз,
Сіз де мендей құлазып, сеземін ғой,
Әлдекімді ойлайсыз, сағынасыз...

Тағдырға тірлігімнің көнері аздай,
Жана да алмай отырмын, сөне де алмай.
...Тыныш өмір сүруім үшін осы,
Кету керек секілді өлең жазбай...

Меруерт Еркинбекова еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1