Сен болмасан, мен осылай шалкып жүрмес пе ем, Сағыныштың не екенін, бәлкім, білмес пе ем. Арналады саған терген жарқын гүл дестем, Шықтың ба екен кірпік ілместен, ана!
Қ/сы: Ұйықтамаймын көзімееее түн жасырынсын, Сағыныштың мен бүгі-і-і н өлшемімін, Сен менің ең ардақтым, ең асылымсың, Ал сенің кішкентай бөлшегің мен ғой, ана!- 2 рет
Сен бәйтерек болсаң, жасыл жапырағыңмын, Сен кең дала болсаң, шалқар атырабыңмын. Сен қыран құс болсаң, нәзік балапаныңмын, Аман болшы, мама, сені сағындым.
Қ/сы.
Ұйықтамаймын көзіме түн жасырынсын, Сағыныштың мен бүгін өлшемімін, Сен менің ең ардақтым, ең асылымсың, Ал сенің кішкентай бөлшегің мен ғой, ана