part 1: Білесің бе сол алғашқы күннен саған ғашықпын, Жоқ шығар адам мен сияқты бақытты. Балапаным қолымнан ұста Екеумізде бәрі жақсы болады қорықпа. Жол жүріп барамын енді мен алысқа, Жүрегім сенімен, болсамда мен алыста. Сағындым сені, отырмын ойлап, Аз ғана уақытқа кетсеңде сен алыстап. Лаулап махаббаттың оты жүректе Есімнен айырылып ұмтыламын өзіңе Құшағыма алып сені келемін өзіме Қуанышты түсініксіз бір сезімді сезіне Бала-балапаным, тәп-тәттім, Сені жақсы көремін мен өте қатты! Қымбаттым, өмірімнің мәні Саған арнаймын махаббатқа толы әнді
part 2: Білесің бе сол алғашқы күннен саған ғашықпын, Қара көзіңе, тәтті ерніңе асықпын. Қатты сүйемін сені, менің асылым Сен менің алтыным, сен менің бастығым. Сен болсаң қасымда ұмытамын ғарышты, Ләззаттандырмайды мені Қатықбастың қатығы Мен және Сен бұл нағыз махаббат Саған өлең арнадым 8 әріп жаттап ап. Е... Қарашы көзіме, Ренжіп маған қарасаңда тұр көздерін күлімдеп. Мен сені сүйемін, ән саламын әлемге, Әнші мен болмасамда осы әуенім өзіңе. Бала-балапаным, тәп-тәттім, Сені жақсы көремін мен өте қатты! Қымбаттым, өмірімнің мәні, Саған арнаймын махаббатқа толы әнді.