Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мишари бин Рашид аль-Афаси - 3. Семейство Имрана (Аль-Имран) | Текст песни

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(1) Әлиф Ләм Мим.
(2) Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші.
(3) (Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.) саған, алдындағыны растаушы Құранды шындық бойынша түсірді. Және Тәурат, Інжілді түсірді.
(4) Бұрын адамдарға тура жол еді. Және парық қылатын мұғжизаны түсірді. Расында Алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты азап бар. Алла, өте үстем, өш алу күшіне ие.
(5) Шын мәнінде Алла (Т.) ға жердегі, көктегі еш нәрсе жасырын емес.
(6) Ол сондай Алла (Т.) сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Өте үстем, хикмет иесі.
(7) Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректеріңде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.
(8) Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің.
(9) Раббымыз! Расында Сен күдіксіз келетін бір күнде адамдарды жинаушысың. Сөз жоқ, Алла уәдесінен айнымайды.(10) Расында сондай қарсы болғандардың балалары, малдары Алладан (келетін) еш нәрсеге төтеп бере алмайды. Міне солар тозақтың отындары.
(11) Әдеттері; Перғауынның сыбайластарыныкі және олардан бұрынғылардікі тәрізді. Олар аятттарымызды жасынға шығарған. Сонда Алла оларды күнәлары себепті азаптаған. Алланың азабы қатты.
(12) (Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы болғандарға: «Тез жеңілесіңдер де тозаққа жиналасыңдар. Нендей жаман орын.» де
(13) (Бәдір соғысындағы) екі топтың қарсыласуында сендерге бір ғибрат бар. Бір топ Алла жолында соғысады. Екінші жақ қарсы еді. Олар Мұсылмандарды, көздерімен, өздеріндей екі есе көруде еді. (Негізінде Мұсылмандар, үш жүз он үш, кәпірлер мыңдай еді) Алла кімді қаласа, өз жәрдемімен қолдайды. Расында бұнда қырағылар үшін әрине ғибрат бар.
(14) Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында.
(15) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендерге бұларыңнан да жақсы нәрседен хабар берейін бе?»,- де. Сондай тақуалар үшін Алланың қасында астарынан өзендер ағатын, онда мәңгі тұратын бақшалар сондай-ақ тап-таза жұбайлар әрі Алланың ризалығы бар. Алла (Т.) құлдарын толық көруші.(16) Сондай : «Раббымыз! Иман келтірдік, күнәмізды жарылқа да от азабынан сақта» дегендер;
(17) Олар сабыр етушілер, шыншылдар, бой ұсынушылар, Алла жолында мал сарып қылушылар және таң сәріден жарылқану тілеушілер, (таң намазын оқушылар,)
(18) Алла (Т.), періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді.
(19) Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші.
(20) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенімен сөз таластыруға кіріссе: «Өзімді Аллаға тапсырдым әрі маған ергендерді де» де. Сондай-ақ кітап берілгендерге де надандарға да: «Исламды қабыл еттіңдер ме?»,- де. Егер олар исламды қабыл етсе, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, саған жалғастыру ғана міндет. Алла құлдарын нақ көруші.
(21) Алланың аяттарына қарсы келгендер және жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендер, сондай-ақ адамдарға туралықты әмір еткендерді өлтіргендер, соларды күйзелтуші азаппен сүйіншіле.
(22) Міне солар дүниеде де ақиретте де амалдары жойылғандар. Сондай-ақ олар үшін жәрдемші жоқ.(23) (Мұхаммед Ғ.С.) сондай кітаптардан үлес берілгендердің араларына үкім беру үшін Алланың Кітабына шақырылғандарды көрмейсің бе? Соңсоң олардың бір бөлімі Одан бет бұрады. Сондай-ақ олар ұдайы бет бұрушы.
(24) Бұл олардың: «Бізге тозақ оты, санаулы күндер ғана соқтығады» дегендіктері себепті. Дін жайындағы жасанды нәрселері оларды алдады.
(25) Болуы шәксіз күнде жинағанымызда сондай-ақ әркімге әділетсіздік етілмей еңбектері толық берілгенде, жағдайлары қалай болар еді?….
(26) (Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй мүлік иесі Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де кімнен қаласаң, дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шәксіз әр нәрсеге күшің жетеді» деп айт.
(27) Түнді күндізге айналдырасың да күндізді түнге айналдырасың. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Және кімді қаласаң сансыз несібе бересің.
(28) Мүміндер, мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпасын. Әлдекім осыны істесе, Аллаға еш нәрседе байланысы жоқ. Бірақ олардан сақтану үшін болса басқа. Алла сендерді өзі қорқытады. Және барар орын Алла жақ.
(29) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар да жарияласаңдар да Алла оны біледі. Әрі Алланың барлық нәрсеге толық күші жетуші» де...

Мишари бин Рашид аль-Афаси еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1