авторы:Рамазан Омаров-Дерті де сол,емі де сол жарамның
Дерті де сол,емі де сол(өзімді жаны жараланған нәзік жанның орнына қойып жаздым.)
Алға сүйреп саған деген сан арман. Айтшы неге өшпей қойдың санамнан? Менің жаным-саған ғашық мәңгілік, Менің әнім-тек өзіңе арналған!
Саған ғана жүрегімнен орын бар, Жаратушым арманымды орындар! Жүрегімнің әні болған ханзадам- Тағы да бір өлеңімді қабыл ал!
"Өмірімді-өлең десем, Өлеңімді сен деймін!" Сен туралы- Өсектердің ешбіріне сенбеймін! Жүрегіме бір күндері... Жара салып кетіп ең! Сол жараны бүгіндері- Өлеңіммен емдеймін.
Дерті де сол,емі де сол жарамның, Зиянкесі болдың ғой сен санамның! Көп нәрсені талап еткен жоқ едім, Мен тек сенен... Адалдықты қаладым! Авторы:Рамазан Омаров