Бақыт деген...
Бақыт деген-адам болып жүргенің,
Бақыт деген-қуанғанда күлгенің.
Бақыт деген-иманы бар пенде боп,
Сыйлы болып,шынайы өмір сүргенің.
Бақыт деген-ақыл кеңес бергенің,
Ата анаңның қадірін ұғып білгенің.
Бақыт деген-қысылғанда достарың,
Алып-ұшып алғаш болып келгенің.
Бақыт деген-ана сүтін емгенің,
Мейірімді алақанын көргенің.
Бақыт деген құлшылық етіп Аллага,
Құран кәрім кітабына сенгенің.
Бақыт деген-төре болса төрдегің,
Жайлы болса жамбасыңда жөргегің.
Бақыт деген-сабырлықпен қашанда,
Қиын қыстау кезеңдерді жеңгенің.
Бақыт деген-адал жарың көркемің,
Жел күндері бағыт берер желкенің.
Бақыт деген-жанұя болу үлгілі,
Балаларың болашағың ертеңің.
Бақыт деген-орыныңды білгенің,
Бұл өмірде пенде болып жүргенің,
Халқың үшін еңбек етіп аянбай,
Елің үшін,жаныңды беріп өлгенің.
Бақыт деген-аналардың жүрегі,
Аман болса ұл қыздары тірегі,
Берекелі тыныш болса ошағың,
Бақыт деген-шаңырақтан кіреді.
Бақыт деген-амандығы қазақтың,
Болғандығы бағымызда азат күн,
Бақыт деген-басың тиіп сәждеге,
Аулақ болу қорлығынан тозақтың!!!
Самал Балтабаев Таңбайұлы
Мөлдір Махмудаева еще тексты
Сейчас смотрят
- Мөлдір Махмудаева - "Бақыт деген" С. Балтабаев
- Ольга Афанасьева - Верила, любила и ждала (Вот просила, я Нашёл :))))
- Kelaptari - Mtis sacekvao
- старый сэм - минус,минуса,лирика,грусть,печальный,грустный,спокойный,классный минус,грамотный,милодия,lirika,minus
- Ирина Скорик - Тихая моя Родина (Николай Рубцов)
- И. С. Тургенев - «Два богача» (Стихотворения в прозе, 1878 год.)
- Егор Крид - Кино Про Любовь
- The Summer Set - Thick As Thieves
- Ольга Кормухина - Падаю в небо (супер песня)
- Blck Veil Brides - Done For You
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1