1 Сен — армансың, жүрегімде бүр жарған, Сен — армансың, жанарымда нұрланған. Алып ұшқан, ақ жүрегім адасып, Сағыныштан сарғаяды бұл жалған. Суық көзде мұң басады еңсемді Үмітті үзбей, сағынышым келші енді.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен Сыңары жан жүректің, Ардағым ең сағына күткен, Арманым ең бағыма біткен.
2 Сен — армансың, қиялыма жасырған, Сен — сезімсің, тамырымда тасынған. Сенің әнің, сенің жаның тұп-тұнық, Жаралғандай менің мөлдір жасымнан. Тектім болды, бара жатыр мендік мұң Сертің беріп, «сүйем» десең сендікпін.