Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

М.Макатаев оз даусы - М.Макатаев оз даусы | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Бұлқынып жатыр
Келмейді құрғыр шамасы
Бұлқынып жатыр таусылды ау айла шаласы
Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай
Бостандық берші бостандық берші мамасы
Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып
Шандудан бөлек калғанба шараң таусылып
Аяқ пен қолын матамай бос қой мамасы
Кішкентай адам көрсетіп жатыр қарсылық
Қарашы мынау хабар жук жатқан пішінге
Ыза мен ашу қайнайды келіп ішінде
Жетпейме солда қойдыңғой мені арқандап
Мамасы босат қызыма қырсау түсірме
Көкемді босат аякқпен қолын матама
Көтеріп жүрем көтеріп өтем жотама
Басымды тігем бармақтай менің сәбиім
Бүлдіре қоймас бостандық берші ботама
Мамасы босат еркімен өссін тал шыбық
Ауа мен күнге ай менен нұрға малшынып
Бұлқынып жатыр ұмтылып жатыр карашы Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық

Пай пай өмір өтесің ау бір күні
Тыйасың ау қуанышты күлкіні
Өмір деген бір жарқ еткен найзағай
Өмір деген көк аспанның күркірі
Пай пай өмір өтесің ау бір күні
Болмағандай жүрмегендей сенде біз
Кетеміз ау кетеміз ай пендеміз
Ұрпақтарға беремеіз де кезекті
біз кетеміз кетү үшін келеміз
Өмір деген бұйым емес қолдағы
Өмір деген ұлы бекет жолдығы
Қаның кеүіп қаталаған кезіңде
Сусыныңды қандырсаң болғаны
Мына күнде мына аспанда дала нау
бәрі бізден бәрі бізден қалады ау
Өмір деген тым тәғәтсіз бір қозғалыс
Өмір деген өлемін деп қарамау


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-