Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

М.Макатаев - Фариза кыз | Текст песни

Фариза!
Фаризажан, Фариза қыз!
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Біздерді де іздейтін жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де.
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып
Тастағысы келеді күресінге,
Фаризажан, сен соны білесің бе?..
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
Серіппесі үзіліп, тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім…
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяқ басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
…Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Мандайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?
Кеп тұрады телігім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсеңде қаншама мыңды-мыңға.
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ).
Не туралы жазсақ та, Фариза ақын,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап…
Фариза!
Фариза ақын, Фариза қыз!
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз…

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 26
Видео
  • Әбиірбек Тінәлі - Фариза қыз / Абиирбек Тиналиев - Фариза кыз Әбиірбек Тінәлі - Фариза қыз / Абиирбек Тиналиев - Фариза кыз
    Әбиірбек Тінәлі - Фариза қыз / Абиирбек Тиналиев - Фариза кыз ... Фариза, Фаризажан, Фариза қыз [Айтылмаған әңгіме 2014 ...
  • Мұқағали Мақатаев өз дауысы Мұқағали Мақатаев өз дауысы
    Мукагали Макатаев-Пак кыз(прикол) - Duration: 1:27. by jackson martinez ... Фариза мен Мұқағали - Duration: 3:10 ...
  • Мукагали Макатаев-Пак кыз(прикол) Мукагали Макатаев-Пак кыз(прикол)
    прикол,хахаха кулкиден олесин :D(кульсары про)
  • Фариза, Фаризажан, Фариза қыз... Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...
    Фариза апа, жаныңыз жәннатта болсын! ... Әбиірбек Тінәлі - Фариза қыз / Абиирбек Тиналиев - Фариза кыз - Duration: 5:33. by Baurzhan ...
  • Роза Әлқожа Фариза Роза Әлқожа Фариза
    роза әлқожа фариза минусовка ... Әбиірбек Тінәлі - Фариза қыз / Абиирбек Тиналиев - Фариза кыз - Duration: 5:33. by Baurzhan ...