1. Сен — армансың, жүрегімде бүр жарған,
Сен — армансың, жанарымда нұрланған.
Алып ұшқан, ақ жүрегім адасып,
Сағыныштан сарғаяды бұл жалған.
Суық күзде мұң басады еңсемді
Үмітті үзбей, сағынышым келші енді.
Қайырмасы:
Сен… Сен… Сыңары жан жүректің.
Ардағым ең, сағына күткен,
Арманым ең, бағыма біткен.
2.Сен — армансың, қиялыма жасырған,
Сен — сезімсің, тамырымда тасынған.
Сенің әнің, сенің жаның тұп — тұнық,
Жаралғандай менің мөлдір жасымнан.
Тектім болды, бара жатыр мендік мұң
Сертің беріп, «сүйем» десең сендікпін.
Қайырмасы:
Сен… Сен… Сыңары жан жүректің.
Ардағым ең, сағына күткен,
Арманым ең, бағыма біткен…
Молдир Ауелбекова еще тексты
Другие названия этого текста
Молдир Ауелбекова - Сен--- (0) Молдир Ауелбекова - ты моя нежность (0)
Оценка текста
Как вам текст?
1 out of 5
2 out of 5
3 out of 5
4 out of 5
5 out of 5
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1