Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Әміре Қашаубаев, Париж 1925 жыл. - Балқадиша | Текст песни

Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша!
Өзенді өрлей біткен, шіркін-ай, тал - Қадиша!
Сексен қыз керуенге шыққан кезде,
Ішінде қара басың, па, шіркін, хан Қадиша!

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, шіркін-ай, тал – Қадиша!
Бір емес, екі жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, амал не, бар, Қадиша!

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге, дүние-ай, зар Қадиша!
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боларсың қандай жарға, дүние-ай, жар Қадиша!

Басынан Жыландының құлағаным,
Кекілін телжиреннің, шіркін-ай, сылағаным.
«Кетті» деп Балқадишаны естігенде,
Құшақтап құз-жартасты, шіркін-ай, жылағаным! –

Әміре Қашаубаев, Париж 1925 жыл. еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2