ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ
Сөзі Т.Молдағалиевтікі
Әні Н.Тілендиевтікі
Қайран менің жүрегім, жас жүрегім,
Көктем едің бір кезде, тасқын едің.
Жастық дәурен, жалтақтап қарайлайсың,
Сені ойласам ұйқым да қашты менің.
Қайран менің жүрегім, қыран құстай,
Қанат барда шыдайсың қайтіп ұшпай?
Оңашада жылайсың ағыл-тегіл,
Қаларың да белгісіз қайсы тұста.
Өкінбеймін, күн зулап, өте берсін,
Кейінгілер, жүрегім, сені көрсін.
Жырым мені ешқашан өлтірмейді,
Әнім, мені алысқа жетелерсің.
Музарт еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4