Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

МузАрт - Ансар әнiм | Текст песни

Мұңаямын, жаным, бір өзіңді ойлаумен,
Елестетем сені дидарыңа тоймаумен,
Жүрегімнің мұңы, көңілімнің сыры мені еріксіз қинайды.
Мөлдіреген көзің, балдай тәтті сөзің арман нұрын сыйлайды.

Сол арманның асқарына жете алам ба?
Сол арманның айдынынан өте алам ба?
Айырылмас қос аққудай қатар жүзіп,
Мәңгі бірге бақыт іздеп кете алам ба? Кета, кете алам ба?

Махаббаттың жанған шамы сенің қолыңда,
Мен аңсаған арман сенің ғана жолыңда.
Жаным, сеніп жүрсең, аймалашы еркем,
Бақытым боп тек менің,
Тағдыр жазған сыйдың,
Сенсіз болжау қиын, болашақтың ертеңін.

Құбылғандай жүзің алтын, қарай берем,
Оттай ыстық жанарыңа қарай берем.
Тағдыр жазған табындырған жас жүректі
Басқалардың бақытына қалай берем? Қалай, қалай берем?

Сол арманның асқарына жете алам ба?
Сол арманның айдынынан өте алам ба?
Айырылмас қос аққудай қатар жүзіп,
Мәңгі бірге бақыт іздеп кете алам ба? Кета, кете алам ба?

Другие названия этого текста
  • МузАрт - Аңсар Әнiм (0)
  • МузАрт - Мұңаямын (0)
  • МузАрт - Ансар әнiм (0)
  • Муз-Арт - Ансар Аным (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-