Балдаурен көктем асығып жеткен шағала күндер Базарлы маусым шырқалған даусың тамсанып әсем Балауса балғын көкмайса шалғын барады күндер Тербеліп билеп шайқалып билеп ән салып әсем
Қайырмасы:
Балдәурен бақытты ән дәурен Келеді қанатын самғаумен Көңілдің ұшырып аққуын Балауса бал-бұлақ балдәурен
Жаныңа жылы жүрекке ыстық көңілі сұлу Тоя ма көзің балдәурен кезің бақыт аумағы Даламдай дархан тауымдай биік өмірге сұлу Тоя ма көзің айтшы сен өзің уақытқа уақыт
Қайырмасы:
Балдәурен бақытты ән дәурен Келеді қанатын самғаумен Көңілдің ұшырып аққуын Балауса бал-бұлақ балдәурен