Қалам алып қолыма жазамын хат, Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай. Бекер қарап отырған жараспайды, Өлеңмен сөзбен айтайын аз насихат, беу, айдай.
Қайырмасы:
Былтырғы мен биылдай, Қолда жоқтың қиыны-ай. Ұстараның жүзіндей Аударылған дүние-ай. Жүруші едік той тойлай, Жібек белбеу бір байлай. Әдейі іздеп келгенде, Сөйлесейік ыңғайлай.