Құмарым қойды-ау басылмай, Қабағым сенсіз ашылмай. Көркіңнен әзиз айналдым, Бір тамшы көздің жасындай. Қайырмасы: Жайымды айтсам жасырмай, Жағдайым менің осындай. Жаным-ау менің мөлт еткен, Бір тамшы көздің жасындай. Пейіл де бермей, бездірмей, Көлденең жанды көзге ілмей. Өзгеше күйді мендегі, Көзімнен жаным, сездің ғой. Қайырмасы: Жайымды айтсам жасырмай, Жағдайым менің осындай. Жаным-ау менің мөлт еткен, Бір тамшы көздің жасындай. Ләззатың болса шекердей, Қайғың да маған жетердей. Күрсінген сайын жүрегім, Кеудемді жағып кетердей Қайырмасы: Жайымды айтсам жасырмай, Жағдайым менің осындай. Жаным-ау менің мөлт еткен, Бір тамшы көздің жасындай. http://song5.ru
МузАрт еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3