Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

МузАрт - Гашык оты | Текст песни

Ғашық оты көзімізде жанады,
Әлдилейді махаббаттың бал әні.
Ғашық болған күннен бастап, достарым,
Азамат боп қалғандаймыз бағалы.

қайырмасы:
Ғашық оты жанады, жана берсін,
Жұбайлардың жолдары бола берсін!
Келген жылдар қосылған екі жасқа
Бақыты мен байлығын ала келсін!
проигрыш
Екі жүрек ұғынады бір-бірін,
Аялайды әлдилейді күн нұрын.
Айтқаның да заң сияқты өзіңе
Өміріңе бақыт болған құрбының.

қайырмасы:
Ғашық оты жанады, жана берсін,
Жұбайлардың жолдары бола берсін!
Келген жылдар қосылған екі жасқа
Бақыты мен байлығын ала келсін! 2р
проигрыш
Алыс кетсе, күте білсін сарғайып,
Табыс тілеп, тілектерді жалғайық.
Армандары орындалсын жастардын,
Ғашық болған жүректе бар ма айып.

қайырмасы:
Ғашық оты жанады, жана берсін,
Жұбайлардың жолдары бола берсін!
Келген жылдар қосылған екі жасқа
Бақыты мен байлығын ала келсін!2р

Другие названия этого текста
  • MuzArt - Ғашық Оты (1)
  • МұзАрт - Ғашық оты (0)
  • МузАрт - Гашык оты (0)
  • Той әндері 3 - Ғашық Оты (0)
  • МузАрт - Ғашық оты (0)
  • Serik Abailda - Кызыл орик (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Популярное сейчас
Видео
    Нет видео
    -