Сағынсаң мені, сәулем-ай, Жолдармен таныс жүргейсің. Сонда сен мені әрдайым, Жанымда бар деп білгейсің.
Қайырмасы: Түнде сен жүрсең көшеде, Шамдарға жанған қарарсың. Шалқып бір жүрген шақтарда, Гүлім-ау, еске аларсың, Сонда сен мені есіңе ал. Сонда сен мені есіңе ал.
Таңым-ау, мені сағынсаң, Толқынға көз сал ұрынған. Жүгірген толқын жүрегі Алдыңа келіп жығылған.
Қайырмасы:
Айым-ау, мені сағынсаң, Сырнайдың сазын байқарсың. Бағым-ау, саған сыйлаған, Осы бір әнімді айтарсың.