Есіл ағады, Есіл ағады, Ақбұйра толқын жарды ұрып. Есіл аққанда, есіп ағады, Жағада жартас жаңғырып. Есіл ағады, Есіл ағады, Мағжанның жүйрік жырындай. Мені де бір қыз есіне алады, Тарқатып өрген бұрымды…
Есіл ағады, Есіл ағады, Есіл ағады ерке өзен. Көңілге мәңгі көшіп алады, Аққудай арлы сол кезең. Есімін толқын есіне алады, Аймалап ай-күн жарық қып. Есіл ағады, Есіл ағады, Есіл ағады жарықтық…