ІНКӘР СЕЗІМ
Есіңде ме, әсем гүлі көктемнің,
Сыңғыр қаққан таудың ерке бұлағы.
Қызықты еді өзіңменен өткен күн,
Көз алдымда сол қалпында тұр әлі.
қайырмасы:
Жалын кешкен, жаным дескен,
Күндер қайда, қарағым.
Дір еткізген, шықпас естен,
Мөлдіреген жанарың.
Ән-жыр айтып, бал-бұл жанып қырды асып,
Жүрдік талай таңды атырып, сырласып.
Қызғалдақтай жайнаған сол далаға,
Тұратынсың жанарыңнан нұр шашып.
Бойымдағы ерікті де алдырдың,
Махаббаттың жүректе отын жандырдың.
Өзің, еркем, ойымдасың әрдайым,
Сезе місің бұл күйімді, жан құрбым.
МузАрт еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2