Мұңаямын жаным бір өзіңді ойлаумен Елестетем сені дидарыңа тоймаумен Жүрегімнің мұңы, көңілімнің сыры, Мені ерексіз қинайды Мөлдіреген көзің балдай тәтті сөзің Арман ойын сыйлайды
Сол арманның асқарынa жете алам ба Сол арманның айдынына өте алам ба Айырылмас қос аққудай қатар жүзіп Мәңгі бірге бақыт іздеп кете алам ба Кете аaaaaлам ба?
Махаббатың жанған жалғыз сенің қолыңда Мен аңсаған арман сенің ғана жолыңда Жаным сенің жүрсем аймалашы еркем Бақытым бол деп менің, Тағдыр жазған сыйын сенсіз болжау қиын Болашықтың ертеңін
Құбылғандай жүзің алтын арайменен Оттай ыстық жанарыңа қарай берем Тағдыр жазған табындырған жас жүректі Басқалардың бақытына қалай берем Қалай берем
Сол арманның асқарынa жете алам ба Сол арманның айдынына өте алам ба Айырылмас қос аққудай қатар жүзіп Мәңгі бірге бақыт іздеп кете алам ба Кете аaaaaлам ба?