Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

МузАРТ - САҒЫНЫШ | Текст песни

1.Есімнен кетпес сол күн
Қол бұлғап тұрады кейде алыстан
Сен қай айдынға қондың
Аққуым тәтті мұң сыйлап ұшқан?
Білмеймін қай жерден табамын
Бір өзің жан шуағым
Саған деп жинадым бағым,
сағыныш тамшыларын

2.Шаттығым сенсің менің
Ақ арман жанымды жайдары еткен
Сол сұлу күлкің сенің
Сағымдай жалт етіп қайда кеткен?
Білмеймін қай жерден табамын
Бір өзің жан шуағым
Саған деп жинадым бағым,
сағыныш тамшыларын

3.Сол шақты есіңе алсаң
Тыңдарсың жүректің мәңгі лебін
Мейлі жыл өтсін қанша
Арманым өзіңсің мәңгі менің
Білмеймін қай жерден табамын
Бір өзің жан шуағым
Саған деп жинадым бағым,
сағыныш тамшыларын

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-