Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Музарт - Сенің көзің (Жаңа нұсқа) | Текст песни

Сенің көзің түпсіз терең
Тұңғиықтан жаралған
Сонда жатыр менде жүрген
Орындалмас бар арман
Сенің жүзің көкте күннен
Жерде гүлден нәр алған
Шашың сенің жан баспаған
Жапандағы қара орман

Қас-кірпігің қарлығаштың
Қанатыңдай қап-қара
Үлбіреген жүзің сенің
Ақ жібек пе мақта ма
Әсем басың әп-әдемі
Мүсініңе шақ қана
Шиедейін еріндерің
Қызарып тұр шоқтана

Толықсыған тұла бойың
Шыбық па екен тал ма екен
Бейнең сенің баяу атқан
Жазғы шұғыла таң ба екен
Күлкің сенің шашылған нұр
Сөзің кәусар бал ма екен
Бұл ғаламда сенен асқан
Сірә біреу бар ма екен

Музарт еще тексты


Другие названия этого текста
  • Максат Базарбаев - Сенин козин (2015) (0)
  • Музарт - Сенің көзің (Жаңа нұсқа) (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2