МузАрт Тобы-
"Сүйкімдім" Т. Арынғали, А. Бексұлтан
Жанарың жұмбақ әнiм, сыр тұнған,
Қадірлім, қымбаттым, сұлуым, сымбаттым.
Көркіңе көзім тоймай, құлпырған,
Көгінде гүл бақтың, жүрекпен тіл қаттың.
Қайырмасы:
Сүйкімді, сұлуым,
Мөп-мөлдір менің тұнығым.
Жанымды, баураған,
Тәп-тәтті сенің қылығың,
Сүйкімдім...
Күн нұры аймалаған жүзіңді,
Арман ғой ханшайым, бір көру күн сайын.
Мұңайсаң көңіл-күйім бұзылды,
Мен ғана шаршайын, күлімдеп жүрші, айым.
Қайырмасы:
Сүйкімді, сұлуым,
Мөп-мөлдір менің тұнығым.
Жанымды, баураған,
Тәп-тәтті сенің қылығың,
Сүйкімдім...
Сағынған жүрегімнің төрінде,
Сақтадым мәңгілік, атыңды ән қылып.
Мен үшін сен келгенсің өмірге,
Жадымда жаңғырып, атқанда таң күліп, таң күліп.
Қайырмасы:
Сүйкімді, сұлуым,
Мөп-мөлдір менің тұнығым.
Жанымды, баураған,
Тәп-тәтті сенің қылығың,
Сүйкімдім...
Сүйкімді, сұлуым,
Мөп-мөлдір менің тұнығым.
Жанымды, баураған,
Тәп-тәтті сенің қылығың.
Сезінші, дәл мендей,
Сезімнің жылуын.
Сүйкімдім....
МузАРТ еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3