Махаббат мәңгі көктем әні дастан, Жалынды жүректерге тәңір қосқан Аяулы арманымды аңсағанда Көңілдің көгершіні алып ұшқан Құралай көздеріңнен сыр ұққандай Жанарың жүрегімді жылытқандай Жарқ етсең жарты әлемге боламын мен Есіміңді ұмытқандай
Аққуын айдын-көлі қарсы алғандай Көрген жан тілге келмей тамсанғандай Сен жүрсең бақта қайың билегендей Сен күлсең бақта құстар ән салғандай Таң күліп алма жүзің арайланған Мәңгілік бақытына балайды арман Күн шықса Алатаудан мен деп ойла Көз алмай еркем қарай қалған
Тыңдадым дауысыңды бұлақтардан Шыңдарың болып жетпес қуатты арман Еліткен еліктейін еркелігің Әніңдей қайталанбас ұнап қалған Білмеймін қайта айналып келесің бе? Әйтеуір өзің ғана елесімде Бір болса тілегіміз, жүрегіміз Бақытым сол елесіңде