Бір қыз Маралдыда Қорлығайын, Табиғат берген екен күн мен айын. Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен, Дариға арманым жоқ не қылайын.
Ахау, арман, Құсни, Қорлан, Екі-ай бағлан, Екеуі туған екен бір анадан.
Бозбала, қалма қапы бұл жалғаннан, Жігіттің арманы жоқ Қорланды алған. Өзіңдей боп жан тумас, Туса туар, артылмас. Бар ғаламды шарықта, Уа, дариға, ләулік тас. Бағдар, Мысыр, Шың, Машын, Іздесем Қорлан табылмас.