Үш-қоңыр Алатаудың қойнауында
Әкемнің ізі қалған жайлауында
Қасқа су гүр-гүр тасып, гүл еркелеп
Арқарлар жайылатын аймағында
Қайырмасы:
Ай Үш-қоңырым туған жерім
Рахым нұры тұңған жерім
Ай Үш-қоңырым тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің
Бұл жерде тарих сырдың сыбыры бар
Бабалар тұлпарының дүбірі бар
Бұл жерде Жамбыл жәкең өлең айтқан
Өнердің, ақындықтың тұғыры бар
Қайырмасы:
Ай Үш-қоңырым туған жерім
Рахым нұры тұңған жерім
Ай Үш-қоңырым тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің
Шыңдары Төле бидің қалпағындай
Жазира жасыл әлем алқабындай
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені
Әжемнің шекер қосқан талқанындай
Қайырмасы:
Ай Үш-қоңырым туған жерім
Рахым нұры тұңған жерім
Ай Үш-қоңырым тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің
Көрінер сонадайдан анық маған
Шыңында қырандары қалықтаған
Қыранның самғауына құмар қылып
Туыпты ұландарын алып далам
Қайырмасы:
Ай Үш-қоңырым туған жерім
Рахым нұры тұңған жерім
Ай Үш-қоңырым тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің
МузАрт еще тексты
Другие названия этого текста
- МузАрт - Ушконыр (1)
- МузАрт - Үш Қоңыр (0)
- МузАрт тобы - Үш Қоңыр (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2