Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

МузАрт - Үш Қоңыр | Текст песни

Үш-қоңыр Алатаудың қойнауында
Әкемнің ізі қалған жайлауында
Қасқа су гүр-гүр тасып, гүл еркелеп
Арқарлар жайылатын аймағында

Қайырмасы:
Ай Үш-қоңырым туған жерім
Рахым нұры тұңған жерім
Ай Үш-қоңырым тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің

Бұл жерде тарих сырдың сыбыры бар
Бабалар тұлпарының дүбірі бар
Бұл жерде Жамбыл жәкең өлең айтқан
Өнердің, ақындықтың тұғыры бар

Қайырмасы:
Ай Үш-қоңырым туған жерім
Рахым нұры тұңған жерім
Ай Үш-қоңырым тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің

Шыңдары Төле бидің қалпағындай
Жазира жасыл әлем алқабындай
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені
Әжемнің шекер қосқан талқанындай

Қайырмасы:
Ай Үш-қоңырым туған жерім
Рахым нұры тұңған жерім
Ай Үш-қоңырым тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің

Көрінер сонадайдан анық маған
Шыңында қырандары қалықтаған
Қыранның самғауына құмар қылып
Туыпты ұландарын алып далам

Қайырмасы:
Ай Үш-қоңырым туған жерім
Рахым нұры тұңған жерім
Ай Үш-қоңырым тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің

Другие названия этого текста
  • МузАрт - Ушконыр (1)
  • МузАрт - Үш Қоңыр (0)
  • МузАрт тобы - Үш Қоңыр (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Популярное сейчас
Видео
  • Пьяный Кайрат Нуртас Пьяный Кайрат Нуртас
    Коре алмаушылыктан истеп отыр,ол айдан анык. .... тусинбед км кмге дос км кмге кызганшбен карап бул харекети жасап отыр.
  • Асан Пердешов -- Умыта алмаймын /Asan Perdeshov -- Umitalmaimin/ Асан Пердешов -- Умыта алмаймын /Asan Perdeshov -- Umitalmaimin/
    ... жок шымкент барибир шымкент так что аузынды жауып котинди кысып отыр ... МузАРТ & Меломен-Келеді кездескім (клип 2011 г.) ...