.Құс та болғым келмейді! Қанатым бар. . Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған. От та болғым келмейді! Жылуым бар. Жылуым бар, керекпе жылыныңдар. Әлди болғым келеді, әлди болғым - Күн сәулесі ойнақтап тұлымында, Отыратын анасы құлынымдеп. Қанаттанып өмірге ұшарымда, Кесілмесін бәрібір тұсауым да. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Сәбиі жоқ Ананың құшағында. Tap бесігі - кең жаһан тарылмаған, Біреуге бар, біреуге табылмаған.- Сәби болғым келеді, сәби болғым, Ана сүті аузынан арылмаған.