Ұнатамын мен сені дегенменен,
Көрмегенді озгеден сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Ғайып болсам бір күні егер де мен.
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің(омиримнин) бөлшегі,
Ұнатамын...
Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін зәредей асау қылық.
Сенің ғана ыркынына бас алдырып,
Бұға берем, не деген жасандылық?!
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын...
Ұнатамын мен сені бірақ, бірақ,
Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап.
Ұнатамын дегенім - жасандылық,
Саған деген жүрегім(конилим) құрақ-құрақ.
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын...
Мукагали Макатаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2