І шумақ : Әр таң атқан неге сонша арайлы ? Барша жаннан шуақ нұры тарайды, Сезімденген шын ғашықтар неліктен Мына өмірге іңкәр көзбен қарайды?
Қайырмасы : Сағыныштан тағат таппай мұндайда Шын ғашықтар сезімдерін шыңдай ма? Мәңгі бақи бір болуға серттесіп, Қол ұстасып қатар жүрер күн қайда?
ІІ шумақ : Шіркін, жүрек тағат бермей тәніме Салдым, тағы сағыныштың әніне Қосыла алмай қиналады неліктен Жер бетінде ғашықтардың бәрі де? Азап шегу махаббатың мәні ме?
Қайырмасы : Місе тұтпай алтынды да жақұтты, Әр бір күнім өзіңді ойлап атыпты Қандай ғажап сезім еді махаббат? Сүйген адам - сүйгені үшін бақытты!